БҚО ауруханасының асханасы 7 жыл бойы санитарлық рұқсатсыз жұмыс істеген

Орал қаласының прокуратурасы облыстық аурухана аумағында орналасқан асхана жұмысын тексеріп, заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды BNews.kz БҚО прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Қадағалау органы өкілдерінің хабарлауынша, облыстық аурухана аумағындағы жертөледе орналасқан асхана санитарлық қорытындысыз 7 жыл бойы жұмыс істеп келген және жұмысы санитарлық талаптарға сай келмеген.

«Орал қаласының прокуратурасы «Облыстық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК қызметіне жүргізген тексерістің нәтижелері бойынша «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі нормалары мен «Қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің өрескел бұзушылықтары анықталды. Қала прокуратурасының шешімімен 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен асхананың қызметі тоқтатылды», - делінген ақпаратта.

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз