БҚО билігі саратовтықтармен бірігіп жолдарды жөндейді

Батыс Қазақстан облысының билігі РФ Саратов облысының басшылығымен жолдарды жөндеу туралы келісті, деп хабарлайды BNews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Батыс Қазақстан облысы Саратов облысы Маркс қаласында Нұрлан Ноғаев пен Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев қала әкімдігінде екі жақты келіссөздер жүргізді.

«Біздің облыстар арасындағы шекара ұзындығы 550 шақырымды құрайды. Біз бұрыннан бері жақсы көршіміз. Жыл сайын біздің облыстар мен елдер арасындағы тауар айналымының қарқыны жақсарып келеді. Бұған шекарадағы инфрақұрылым да көп ықпалын тигізеді. БҚО транслогистикалық хаб болғандықтан біз сіздерге дейінгі жолды қайта құру бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», - деп атап өтті РФ Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев.

 

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз