БҚО бюджетіне 90,8 млрд. теңге түсті

Биылғы тоғыз айда Батыс Қазақстан облысының бюджетіне 90,8 млрд. теңге түсті.

Облыстық қаржы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның 86,5 млрд. теңгесі кіріс болып табылады. Кірістің негізгі көздері - республикалық бюджеттен келген трансферттер (68,1 пайыз) мен салықтық түсімдер (26,2 пайыз).

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 61,8 млрд. теңге түссе, соның 27,8 млрд. теңгесі - субвенциялар. Мақсатты трансферттер 34,0 млрд. теңгені құраса, соның 18,1 млрд. теңгесі - ағымдағы, 15,9 млрд. теңгесі - дамуға арналған қаржы.

Салықтық түсім құрылымында жеке табыс және әлеуметтік салық 80,6 пайызды (19,2 млрд. теңге) құрады.

Республикалық бюджеттен түскен 3,3 млрд. теңге көлеміндегі займдық қаржы ауыл кәсіпкерлігін дамыту бағытында несие беруге, моноқалада кәсіпкерлікті дамытуға септесуге, сондай-ақ ауылдардағы әлеуметтік сала мамандарын қолдауға арналды.

Тоғыз айдағы өңір бюджетінің шығыс бөлігі 99,3 пайызға (85,9 млрд. теңге) орындалды.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз