БҚО-да 15 мыңнан астам жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған

Батыс Қазақстан облысында жолға қоқыс тастау және жуылмаған көлікпен жүруге қатысты бір жыл ішінде 15 мың 879 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған құқықбұзушылық бойынша ҚР ӘҚБК-нің 476 бабына сәйкес 926 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Облыстық жастар ресурсы орталығының» еріктілермен бірге жолдағы тазалыққа қатысты «ЭкоСақшы», «Автомобильдің қорғалуы көлік иесіне байланысты» атты екі акция өткізді.

Көлік салонынан дүние ұрлау немесе көлікті айдап кету адам көп жүретін жерлерде болады. Сондықтан шара Орал қаласының орталық базарындағы сауда орталығының жанында өткізілді.

Еріктілер тұрғындарға көлікті қалай сақтау керек, салоннан затты ұрлап кетпеу үшін не істеу керек, қаланы қалай таза ұстап тұру секілді ескертулер жазылған үнпарақтар таратты.

«Көлік айдап кетуге басты себеп - көліктің ашық қалуы. Сондықтан меншікті сақтау үшін иелері сақ болуы тиіс. Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге көлікті қараусыз қалдырмау, оны соңғы үлгідегі айдап кетуге қарсы жүйемен жабдықтауды сұрайды», - деп отыр баспасөз қызметі.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз