БҚО-да 2 мыңнан астам иесіз және игерілмеген жер телімі анықталды

Батыс Қазақстан прокуратурасы түгендеулер мен тексерістер жүргізу арқылы игерілмеген және иесіз жатқан 2 мыңнан астам жер телімін анықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жүргізілген тексерістер мен түгендеулердің қорытындысы бойынша облыс аумағында кадастрлық құны 4,6 млрд теңге, жалпы ауданы 365 492 гектарды құрайтын 2 мыңнан астам иесіз және игерілмеген жер учаскесі анықталды», - делінген хабарламада.

2013 жылдың ішінде және 2014 жылдың 1-ші тоқсанында прокуратура органдары жүргізген тексерістерден кейін мемлекетке кадастрлық құны 1,4 млрд теңге, аумағы 14 5321 га 285 жер телімі қайтарылған.

Сонымен қатар, кадастрлық құны 912,2 млн теңге, 174549 га аудандағы бұрын игерілмеген 1324 жер телімі шаруаларға берілді және қазіргі таңда мақсатқа сай пайдаланылуда.

2013-14 жылдар аралығында жер телімдерін қайтару шараларын қолға алмағаны үшін 24 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз