БҚО-да 3 адамның зардап шегуіне әкеп соққан ЖКО үшін шенеунікті жүргізушілік құқығынан айырды

Орал қаласының әкімшілік соты облыстың Теректі ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Абзал Бірәлиевті 5 жыл мерзімге жүргізушілік құқығынан айырды, деп хабарлады «Уральская неделя» газетінің сайтынан.

Мұндай жазаны оған мас күйінде көлік басқарып, үш жүргіншіні соғып кеткені үшін шығарды. Сот ҚР ӘҚтК-нің 467-бабының 3-бөлігі («мас күйінде көлік басқару және ЖКО жасау») және ҚР ӘҚтК-нің 469- бабы  («Оқиға орнынан кетіп қалу») бойынша  5 жылға жүргізушілік құқығынан айырды.

Еске сала кетейік, 6 сәуірде шамамен сағат 21-де Орал қаласының алтыншы шағынауданында қара «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан үш адамды қағып кетіп, онымен қоса жылдамдығын арттыра түсіп, ізін суытқан. Бірнеше минуттан кейін полицейлер көлік жүргізушісін ұстады, ол Теректі ауданы әкімінің орынбасары Абзал Бірәлиев болып шықты. Апат кезінде ол мас күйінде болған. Кейіннен барлық зардап шеккендер Абзал Бірәлиевке талап-шағым жазудан бас тартты.

Апат туралы ақпарат баспасөз бетіне түскеннен кейін, Абзал Бірәлиев «Нұр Отан» партиясынан шығарылғанын атап өткен жөн. Алайда Теректі ауданының әкімдігінде оған өтініш жазып, өз еркімен жұмыстан кетуіне мүмкіндік берген.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз