БҚО-да 434 бас мал ұрланып, одан келген шығын 34,7 млн. теңгеден асты

Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 434 бас мал ұрланып, одан келген шығын 34 млн. 730 мың теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін БҚО ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңес отырысында мәлім етілді.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мал, әсіресе, Сырым (119 бас), Жаңақала (83 бас), Қаратөбе (29 бас) және Қазталов (26 бас) аудандарында көбірек қолды болып отыр.

Ішкі істер органдары қабылдаған кешенді шаралар нәтижесінде иелеріне 155 бас немесе ұрланған малдың 35,7 пайызы қайтарылды, 9 млн. 865 мың теңге шығын өндірілді, сөйтіп жәбірленушілердің 58,8 пайызының құқығы қорғалды.

Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Айтмұхамбет Барақовтың айтуынша, жалпы жасалған жұмыс нәтижесінде мал ұрлығы екі есеге (321-ден 159-ға дейін) азайды. Мал ұрлығының ашылу деңгейі 33 пайыздан 50 пайызға көтерілді, бұл - республика бойынша үшінші көрсеткіш.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз