БҚО-да 5 ауыл әкіміне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы прокуратурасы 5 ауылдық округ әкімі жалған құжат жасау жолымен бюджет қаражатын ысырап еткенін анықтады, деп хабарлайды Bnews.kzБҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2013 жылдың қараша айында Ұзынкөл, Ағоба, Таловка, Борсы және Жақсыбай ауылдық округінің әкімдері аталған елді мекендердегі жолдарды жөндеу қызметтері мен жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы «ЖәнібекСтройСервис» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан ( Ұзынкөл ауылы 170 мың теңгеге, Ағоба ауылы 170 мың теңгеге, Таловка ауылы 150 мың теңгеге, Борсы ауылы 170 мың теңгеге және Жақсыбай 150 мың теңгеге)», - делінген хабарламада. 

Прокурорлық тексеріс кезінде аталған жұмыстарды мердігер орындамағаны, бірақ орындалған жұмыстар актілеріне ауылдық округ әкімдері қол қойғаны анықталды, жалпы сомасы 810 000 теңге бюджет қаражаты «ЖәнібекСтройСервис» ЖШС шотына аударылған. 

2014 жылдың 3 наурызында БҚО ЭҚСЖКД ауылдық округ әкімдеріне қатысты ҚР ҚК 314-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз