БҚО-да 875,7 млн. теңгеге сегіз жоба мақұлданды

Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында 875,7 млн. теңгеге сегіз жоба қаралып, мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қарастырылған жобалар агроөнеркәсіп кешені, құрылыс, автокөлік және өзге де салаларды қамтиды. Жобалардың барлығы дерлік бағдарламаның «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша екінші деңгейлі банктер несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға ұсынылды.

Отырыста «Uniserv-Trans» ЖШС-ның «Айналым қаражатын толықтыру және көлік сатып алу», «Евразия лайн» ЖШС-ның «МАN автокөлігін сатып алу» жобалары «АТФ банк» АҚ, «БТА банк» АҚ-лардың қолдауымен мақұлданды. «Жангелдиева» ЖК-нің «Демалыс және ойын-сауық саласында қызметтер көрсету мақсатында жабдық сатып алу», «Орал Вент» ЖШС-ның «Өндірістік база және жабдық сатып алу» жобалары да қолдау тапты. Мемлекет есебінен тегін инфрақұрылым тарту бағытында төрт түлік мал өсіретін төрт шаруашылықтың жобалары қаралды. Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округінен «Ажкеев С.И», Жәнібек ауданынан «Ерлан» және «Жасқанат» шаруа қожалықтарының өндірістік базаларын электрмен жаб-
дықтау, Шыңғырлау ауданынан «Жақып» шаруа қожалығын газбен жабдықтау жобалары мақұлданды.

Марат Кәрімовтің сөзіне қарағанда, 2014 жылға инфрақұрылым тарту бойынша жобалардың тізімі жасақталып болды. Бұл жобалар алдағы жылдың жоспарына енгізу үшін ҚР Өңірлерді дамыту министрлігінің қарауына ұсынылады.

Өңірде күні бүгінге дейін 43,9 млрд. теңгеге 304 жоба мақұлданған.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз