БҚО-да асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы жасақталмақ

Батыс Қазақстан облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында өңірлік бағдарлама жасақталмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Теректі ауданы шаруашылықтарын аралаған кезде сала басшыларына арнайы тапсырма берді.

Бірнеше шаруа қожалығында болған өңір басшысы көктемгі егіс жұмыстары барысымен, сондай-ақ асыл тұқымды мал басын өсіру жайымен танысты. Әкімнің атап өткеніндей, қажетті технологияны сақтаған кезде қай салада да мол өнім алуға қол жеткізуге болады. Бұл ретте техника, тұқым сапасы соған сай болуы тиіс, қаржылай қолдау да маңызды рөл атқарады.

Биыл облыста дәнді дақылдар егістігі 661 мың гектарды құрамақ. Осы орайда өсімдік зиянкестерімен, соның ішінде шегірткемен күрес ерекше назарда. 2014 жылы бұл мақсатқа 150 млн. теңге бөлінді.

Облыс басшысы жұмыс сапары барысында мал тұқымын асылдандыруға баса көңіл көңіл бөлді. Сондай-ақ сапар кезінде шаруашылықтардың айналым қаржысы болуы үшін несиені төменгі пайызбен беру мәселесі талқыланды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз