БҚО-да ауылдық елді мекендерге газ тартуға 3,3 млрд. теңге қарастырылып отыр

Батыс Қазақстан облысында биыл ауылдық елді мекендерді газдандыруға 3,3 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. 

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, жыл аяғына дейін 12,8 мың адам тұратын 23 ауылға табиғи газ жеткізілмек. Сонда облыс халқының газбен қамтылуы 87,6 пайызды (556,9 мың адам) құрайды. 

Сонымен қатар, алдағы жылы аяқталуы көзделіп отырған 24 елді мекенге (15,5 мың адам) газ құбырын тарту жұмыстары басталады.

Күні бүгін Орал жылу-қуат орталығына тартылатын резервтік газ құбыры құрылысының (құны 3427 млн. теңге) жобалау-сметалық құжаттамасы да жасалып жатыр. 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз