БҚО-да автокөлік жолдарын жөндеуге 20 млрд. тг. қаржы бөлінеді деп күтілуде

Батыс Қазақстан облысы бойынша 6,5 мың шақырым автокөлік жолы өтеді. Олардың ішінде 1300 шақырым республикалық маңызы бар жол болса, 5200 км облыстық, аудандық маңызы бар жолдар.

Орал қаласындағы жолдарды жөндеуге 2013 жылы 2 млрд.200 млн. теңге қаржы бөлініп, 20 шақырым жөндеуден өткен автокөлік жолы пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткішті 40 шақырымға жеткізу көзделуде. Жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда аяқтала келді. 

Қазіргі таңда Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының көлік жолдары жөнделуде. 

Алдағы жылдары республикалық бюджеттен 20 млрд. теңге қаржы бөлінбек. 

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз