БҚО-да барлық 407 жалпы білім беретін мектеп ғаламторға қосылған

Батыс Қазақстан облысында барлық 407 жалпы білім беретін мектеп ғаламторға қосылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім етті.

Оның айтуынша, соның 162-сі (40 пайызы) кең жолақты  интернет желісіне қосылса, қалған 245-і тұрақты қатынауға мүмкіндік бермейтін Dial-up (телефон желісімен) технологиясын қолданады. «Электрондық оқыту жүйесі» жобасына қосылған облыстың 44 мектебінің 4-10 Мбит/сек жылдамдықпен кең жолақты интернетке қатынауға мүмкіндігі бар. Биыл электрондық оқыту жүйесіне ауыл мектептерін қосу жоспарлануда, техникалық мүмкіндіктері бар 31 ауыл мектебінің тізімі министрлікке жолданған.  Облыстың мектептерінің 271-інде спорт залы бар, яғни спорт залмен қамтылу  66,5, мектептердің спорттық жабдықтармен қамтылуы 70 пайызды құрайды.

2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың саны 124 бірлікке (24 балабақша, 100 шағын орталық) ұлғайған. Биылғы 1 ақпандағы мәліметке сай 1-6 жас аралығындағы балаларды тәрбиемен орташа қамту 59,4 пайызды (2012 жылы 60,6) құрады немесе 27582 бүлдіршінді қамтыды. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен орташа қамту 95,7 пайызды (2012 жылы 95,3) құрады. Болжамды көрсеткіштің төмен болуы бала туу көрсеткішінің өсуімен байланысты. 2012 жылы 12969, 2013 жылы 14629 сәби дүниеге келді.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз