БҚО-да бір адам суға кетті

БҚО-ның Зеленов ауданында бір адам суға кетіп, қазаға ұшырады.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Шыңғыс Сариевтің айтуынша, Қаражар ауылының 1965 жылғы тұрғыны Александр Черный 9 мамыр күні күндізгі сағат 12.30 шамасында Деркөл өзеніне балық аулауға кетіп, қайта оралмаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 7 адамы бар жедел құтқару тобы екі тәулік іздестіру жұмыстарын жүргізіп, мүрдені судан алып шықты. Мамандар: «Азаматтың суға батып кету себебі жүрегінің ұстап қалуынан болуы мүмкін», - дейді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз