БҚО-да биыл 11 үй салынып, 1064 пәтер пайдалануға беріледі

Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

БҚО-да тұрғын үймен қамтамасыз ету үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Жалдамалы тұрғын үйлер, жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер және «Тұрғынүйжинақ банкі» арқылы көптеген батысқазақстандықтар баспаналы болып жатыр.

Нақтырақ айтар болсақ, облыста тұрғын үй салу жұмысын екі үй салу комбинаты айналысады. 2013 жылы 8 үй пайдалануға беріліп, 859 отбасы жайлы пәтерлерге қоныстанды. Ағымдағы жылы салынып жатқан 11 үйден 1064 пәтер жаңа иелерін қуанышқа бөлемек.  

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз