БҚО-да биыл 47,4 млрд. теңгеге төрт жаңа жоба жүзеге асырылмақ

Батыс Қазақстан облысында биыл Индустрияландыру картасы аясында 47,4 млрд. теңгеге төрт жобаны жүзеге асыру көзделуде.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан түске мәліметке қарағанда, соның нәтижесінде 204 жұмыс орны ашылмақшы. Атап айтқанда, 2016 жылы бөтелкедегі ауыз су өндірісі кешені («Родник» фирмасы» ЖШС), құрғақ салмағы 600 тоннаға дейінгі жаңа тұрпаттағы кеме шығару ісін дамыту («Орал «Зенит» зауыты» АҚ), «Еуро-5» экологиялық сыныптағы бензин өндіру («Конденсат» АҚ), ұсақ бетон бұйымдары зауыты құрылысы («СпецСтройСервис» ЖШС) жолға қойылмақ.

Айта кетейік, Индустрияландыру картасы аясында өңірде 327,2 млрд. теңгеге (2264 жұмыс орны) 40 жоба жүзеге асырылуда. Бірінші бесжылдықта соның 32 жобасы (257,9 млрд. теңге, 1890 жұмыс орны) іске қосылды. Қазіргі кезде 22 жоба өзінің қуатының 70 пайыздан астамына, 5 жоба 50 пайыздан астамына шықса, қалғандары да кезең-кезеңмен алға басуда. Екінші бесжылдықта 69,3 млрд. теңгеге 8 жоба (374 жұмыс орны) жүзеге асырылмақ. 

2015 жылы 21,5 млрд. теңгеге 3 жоба (115 жұмыс орны) қолға алынды. Нақтырақ айтқанда, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында «Жұмағұлова Б.М.» жеке кәсіпкерлігі сүт өнімдерін өндіретін цехты салса, Оралда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасында «Аквамәдени тәжірибе-өнеркәсіптік өндірісі оқу-ғылыми кешені» ЖШС қара уылдырық пен тауарлы бекіре етін өндіретін аквамәдени кешенін, Зеленов ауданы Белес ауылында «Батыс Пауэр» ЖШС газтурбиналы электр стансасының бірінші кезегін (100 МВт) іске қосты.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз