БҚО-да «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 4 жылда 298 жоба мақұлданды

Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша 2010-2014 жылдары 42,2 млрд теңгеге 298 жоба мақұлданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014 жылдың басынан бері 2,6 млрд теңгеге 25 жоба мақұлданыпты, оның 8-і 300 млн теңгеге субсидияланған. Ауылдық жерлерде 22 жобаға 2,3 млрд теңге қарастырылды. 69 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Аталған бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі, машина жасау, жиһаз өндірісі, құрылыс материалдары, көлік, туризм, ақпарат және байланыс, білім, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларға қолдау көрсетілуде.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз