БҚО-да достық эстафетасына 150 елді мекен қатысты

Оралда «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. БҚО-ның 12 ауданының 150 елді мекенінде болған достық кітабы облыс орталығына қайтып оралды. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, достық эстафетасы Орал қаласында 2 наурыз күні басталып, Теректі ауданында жалғасқан. Сол күні қала әкімі Алтай Күлгінов бастаған бір топ делегация Федоровка ауылында болып, түрлі спорттық, мәдени шараларға қатысты. Содан кейін аудан басшысына салтанатты түрде достық нышаны – «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» кітабы тапсырылған болатын. Онда барлық батысқазақстандықтар өздерінің жылы тілектері мен ұсыныстарын жазуға мүмкіндік алды. 

Екі ай өткеннен кейін достықтың «эстафета таяқшасы» өңірдің үш жүз мың тұрғынының қолынан өтіп, Оралға қайтып оралды. 

«Бұл кітап жерлестеріміздің жазған жылы тілектерінен айтарлықтай ауырлап қалды. Сіздердің барлық тілектеріңіз орындалып, аймақ тұрғындарының келісімі мен бірлігін нығайтады деген сенімдеміз», - деп атап өтті Орал қаласының әкімі Алтай Күлгінов. 

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз