БҚО-да екі сәби тұншығып көз жұмды

Жаңа жылдың алғашқы күндері Батыс Қазақстан облысында екі бірдей қайғылы оқиға орын алды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 3 қаңтардан 4-іне қараған түні Орал қаласында 1 жас 11 айдағы бала тұншығып өлген. Оны анасы ата-әжесіне қалдырып кеткенде, бала қараусыз қалған. Сол сияқты осындай қамсыздықтың кесірінен Зеленов ауданы Үлкен Шаған ауылында 2 қаңтар күні екі айлық сәби көпшікке тұншығып, көз жұмған.

Жедел жәрдем жеткенше, балалар марқұм болып кеткен. Бұлардың екеуі де қолайсыз отбасыларда өсіп келе жатқан. Яғни ата-аналары, басқа да отбасы мүшелері арақ ішіп, сәбилерді қараусыз қалдырған.  

 

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз