БҚО-да ішкі істер бөлімдерінің басшылары ауысты

ҚР Ішкі істер министрінің келісімі бойынша БҚО ІІД бастығының бұйрығымен бірқатар аудандарда ішкі істер бөлімінің бастығы тағайындалды.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған дейін Приурал полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Тимур Исқақов Зеленов ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы болып жоғарылады.

Подполковник Тимур Ниязғалиев Тайпақ полиция бөлімінің бастығы қызметінен Сырым ауданы ішкі істер бөліміне басшылыққа келді. Ал подполковник Ермек Саркенов Ақжайық ауданы ішкі істер бөлімі Тайпақ полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Сондай-ақ полиция майорлары Марат Мұстафин Бөрлі ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары міндетін атқарушы, Қуанай Ғұмаров Сырым ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, Михаил Скоробогатов Зеленов ауданы Приурал полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы, подполковник Рауан Мусин Приурал полиция бөлімінің бастығы болып бекіді.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз