БҚО-да қоғамдық көліктердің 157 ереже бұзуы тіркелген

Батыс Қазақстан облысында «Автобус»жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, басты назар жолаушы тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжаттардың бар-жоқтығы, жүргізушілердің жолаушы тасымалы ережесін сақтауы, автокөліктің халықаралық келісімдер талабына сай жасақталуы, автобустарда тахографтардың дұрыс жұмыс істеуі, жанармай багінің орнатушы зауыттың талабына сай болуы, рейске шығар алдында жүргізушінің медициналық тексеруден өтуі, еңбек және демалыс режімінің сақталуына назар аударылды.

«Шара өткізілген уақытта жол қозғалысы ережесінің бұзылуы бойынша 157 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 9-ы рұқсат құжатынсыз жолаушы тасымалдау, 20-ы көлікті пайдалану ережесінің бұзылуы, 1-уі заңсыз жабдықтау, 29 техникалық тексерістен өткізілмеу, 13-і жылдамдықты асыру, 24 жолаушы тасымалы ережесінің бұзылуы, 28 маневр жасау талабын бұзу, 5-уі мас күйінде көлік жүргізу, 5-уі техникалық ақауы бар көлікті желіге шығару», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындары жүргізушілерімен жолдарда кездесу өткізілді. «Автобус» шарасы облыста әр айдың соңында жүргізіледі.

 

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз