БҚО-да кәсіпкерлікті қолдауға 1760,8 млн. теңге бөлініп отыр

Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес биыл жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1760,8 млн. теңге бөлініп отыр.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 1646,1 млн. астам теңге, сервистік қызметке 53,649 млн. теңге, ал гранттық қаржыландыруға 11 млн. теңге қарастырылды.

Облыста бұл мақсатқа 2010 жылы 359 млн. теңге қаралса, соның 122,7 миллионы немесе 34,2 пайызы игерілген болатын. 2011 жылы 477,9 млн. теңгенің 451,9 миллионы немесе 94,6 пайызы жұмсалып, инфрақұрылымды дамытуда 606,3 млн. теңгенің 235,6 миллионы немесе 38,9 пайызы игерілді. 2012 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауда 797,4 млн. теңге, инфрақұрылымды дамытуда 410,6 млн. теңге толықтай игерілді. 2013 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауда 1242,6 млн. теңге 100 пайыз жұмсалса, инфрақұрылымды дамытуда 1107,3 млн. теңгенің 98,2 пайызы игерілді

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз