БҚО-да лауазымды қызметкерлер мемлекетке 398 млн. теңге залал келтірді

Батыс Қазақстан облысында прокуратура органдары мемлекеттік сатып алу саласында жыл басынан бері 292 заңбұзушылықты анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 57 лауазымды қызметкер, соның ішінде жетеуі сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқықбұзушылыққа барғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 20-дан астам мемлекеттік сатып алу қорытындысы бұзылып, соның нәтижесінде 240,1 млн. теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілген жоқ.

Он екі лауазымды қызметкерге қатысты 8 қылмыстық іс қозғалса, соның 10-ына байланысты айыптау үкімі шығарылды. Олардың қылмыстық іс-әрекеті салдарынан мемлекеттің экономикасына 398 млн. теңге залал келтірілді. Қазіргі кезде аталған қаржыны мемлекет пайдасына өндіріп алу жұмысы жүргізілуде.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз