БҚО-да мақсатты топ толығымен скринингтік бақылаудан өтті

Батыс Қазақстан облысында мақсатты топ толығымен скринингтік бақылаудан өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» жобасы аясында 3 емхана, 5 дәрігерлік амбулатория салынған және 300 орындық қалалық көпсалалық аурухана құрылысы жалғасын табады. 

Мемлекеттік –жеке меншік әріптестік шеңберінде 2 ауысымда 96 адамға қызмет көрсететін гемодиализ орталығы ашылған, биыл Ақсай қаласында осындай орталық ашу жоспарланып отыр. 

2012 жылы 9 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткен. «Болашақ» бағдарламасы бойынша 22 дәрігер шетелде білімін жетілдірді. Сонымен қатар облысқа 126 жас маман келсе, олардың 62-сі ауылдық елді мекендерде еңбекке араласты.

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз