БҚО-да несие серіктестіктерінің 680 млн. теңге қарызын кері қайтару шаралары алынуда (ФОТО)

Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 2011-2012 жылдары республикалық бюджеттен 3 миллиардтай теңге берілген болатын.

«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ заңгері Алтынбек Керешевтің айтуынша, осы қаржыны алу үшін он екі ауданда 405 несие серіктестігі құрылған еді. Қазіргі таңда соның 304-і мемлекетке 680 миллиондай теңге қарыздар болып отыр. Сондықтан осы қаржыны кері қайтару мақсатында шаралар алынуда. Күні бүгін 83 несие серіктестігі бойынша берешекті корпорация пайдасына өндіру жөнінде сот шешімі шықты. Осыған орай сот орындаушылары қарыздар несие серіктестерінің нысандарын «құлыптауда». Айталық, Сырым ауданында «Айдәурен» несие серіктестігі (төрағасы Дархан Бисенғалиев) корпорацияға 9 млн. 754 мың теңге несиені қайтару мерзімі өтіп, қанша ескерту алса да, төлемеген. Сол үшін серіктестіктің қос автокөлігі, наубайханасы мен мейрамханасына құлып салынып, серіктестік мүшелерінің елден шығуына шектеу қойылды. Сол секілді аудандық мәслихат депутаты Мырзағұл Рахымжанов басшылық ететін «Сырым өнімдері» несие серіктестігі мемлекетке 29 млн. 679 мың теңге берешек болып отыр. Осыны қайтармағаны үшін кәсіпкердің иелігіндегі «Мерей» мейрамханасы да жабылды. М.Рахымжанов мемлекеттен 30 млн. теңге несие алып, аталған мейрамхананы 2013 жылы ашқан болатын.

Жалпы, Сырым ауданындағы несие серіктестерінің қарызы 56 млн. теңгеден асқан. А.Керешевтің сөзіне қарағанда, таяуда сотқа өңірдегі осындай несие серіктестерінің үстінен 100-ден астам талап-арыз тағы берілетін болады. 

2 

3 

4 

5 

6

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз