БҚО-да оқушылардың улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Березовка ауылында мектеп оқушыларының улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған құзырлы орган басшыларынан құрылған топ Березовка ауылында болып қайтты. Олар мектеп оқушыларының жаппай улану себептерін анықтап, тергеу жұмыстарын бақылауда.

Аймақ басшысы аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдеді. Березовка ауылында тергеушілер тергеу жұмыстарын жүргізуде. Уланудың бірнеше нұсқасы қаралуда. Олар: астан, газдан улану және Қарашығанақ кен орнындағы зиянды қалдықтардың әсері.

http://bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз