БҚО-да өзен жағасынан жас қыздың мүрдесі табылды

Өткен сенбі күні Серебряков кенті тұсында Жайық өзені жағасынан жас қыздың мүрдесі табылды. 

Бұдан ай жарым уақыт бұрын, 13 тамызда Зеленов ауданы Щапов ауылының 25 жасар тұрғыны Айдана Досқалиева үйіне бара жатқан жолда жоғалып кеткен болатын. Оның ақ түсті «Жигули» автокөлігінде кетіп бара жатқанын інісі көрген. Содан бері полицейлер қаншама іздестіргенімен, еш дерек болмаған-ды. Табылған мүрденің Айдананікі екендігін ата-анасы таныған деген сөз бар.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мүрденің нақты кімдікі екендігі сот-медициналық сараптама нәтижесі шыққаннан кейін ғана белгілі болады. 

 

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз