БҚО-да республикалық маңыздағы тасжолдарды жөндеуге 800 млн теңге бөлінді

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңыздағы тасжолдарды жөндеуге 800 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалына сілтеме жасап. 

Қазір жол қызметкерлері республикалық маңыздағы 1200 км тасжолға қызмет көрсетіп жатыр. Автожолдардың бір бөлігі қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өтуде.

«Біз көктемгі жол жұмыстарын өткізуді бастадық. Бұл мақсаттарға 800 млн теңге қарастырылған. Самара – Шымкент, Атырау – Орал автожолдарында жарықшақтар мен шұңқырларды бітеп жатырмыз. Тасқала, Федоровка және Подстепное кенттерінде үш бригада қызмет етуде. Бұған қоса жол белгілерін тиісті қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді «Қазақавтожол» РМК БҚОФ жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аңсар Рахматуллин.

Биылғы жылдың сәуірінде республикалық маңыздағы 2 мың шаршы метр тасжолда шұңқырлар жөнделеді.


http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз