БҚО-да саулық қой бірден төрт қозы тапты

Жаңақала ауданы орталығында тұратын Бектемір мен Светлана Бекқалиевтер ауласындағы бір саулық бірден төрт қозы туды.

С.Бекқалиеваның сөзіне қарағанда, осы саулық соңғы екі жыл бойы үшеуден туған. Бірақ қыста туғандықтан, қозылары өліп қалатын. Биыл төртеуі де аман-есен өсіп келеді. Мұндай оқиға өте сирек. «Екі-екіден шығарып,  кезекпен еміземіз әрі қосымша сүт береміз.  Қозылардың басқа төлдерден еш кемдігі жоқ. Қой -  еділбай тұқымды ірі саулық», - деді мал иесі.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз