БҚО-да шекарадан заңсыз мұнай өткізбек болған ресейлік ұсталды

Батыс Қазақстан облысында «Ақсай авто» өткізу бекетінде көлігіне шамамен 28 тоннадай шикі мұнай тиеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР ҰҚК 2029 әскери бөлімінің шекаралық бақылау бөліміне сілтеме жасап.

Шекарашылар атап өткендей, ұсталған жүргізуші «MAN» автокөлігімен Ресейден Қазақстанға келе жатқан. Тексеру барысында көлігіне тиелген жүктің тиісті құжаттары болмай шықты. 

«Қазір автокөлік пен ресейлік өткізу бекетінде. Іс материалдары қаржы полициясның департаментіне тапсырылады», - деп мәлімдеді шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Сергей Черенков.

Бұл осымен жыл басынан бері қайталанып отырған екінші жағдай. Мамыр айында шикі мұнайды Қазақстаннан көрші Ресейге жеткізбек болған жүргізуші қолға түскен еді. 

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз