БҚО-да соңғы күндері екі бала суға кетті

Орал қаласында соңғы күндері екі бірдей бала суға кетті.

БҚО суда құтқару қызметі оқу және үгіт-насихат жұмысын жүргізу жөніндегі бас инспекторы Гүлжанат Ақатаеваның хабарлағанындай, 20 маусым күні нағашы ағасымен бірге балық аулауға барған алты жасар бала Жайыққа батып кетті. Оның денесін туысқандары шығарып алған.

Кеше «Самал» шағынауданы маңында Шаған өзеніне суға түсуге болмайтын жерден шомылған 1998 жылғы жасөспірім де «тілсіз жаудың» құрбаны болды. Оның мүрдесін сүңгуірлер тапты. Биыл облыста осымен он төрт адам суға кетсе, соның бесеуі балалар болып отыр.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз