БҚО-да соңғы күндері үш бірдей кісі өлтіру қылмысы ашылды

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері үш бірдей кісі өлтіру қылмысы ашылды.

БҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сергей Шевченконың айтуынша, 17 маусым күні сағат 22.30-да Оралда Құрманғазы мен Фрунзе көшелерінің қиылысынан пышақ жарақатынан көз жұмған 1962 жылғы А.Хамидуллин деген азаматтың мүрдесі табылды. Оны бұрын сотталған 1977 жылғы тұрғын өлтірген болып шықты. 18 маусым күні таңғы 06.40-та Достық даңғылы 191-үйдің ауласынан 1979 жылғы Г.Лукьяновтың денесі табылды. Ол 42 жасар тұрғынның ұрып-соғуы салдарынан қаза болған. 23 маусым күні Зеленов ауданы Достық ауылында 26 жасар тұрғын 1952 жылғы зейнеткер әйелдің үйіне баса-көктеп кіріп, өлтірген.

Бұл қылмыстың үшеуін де күдіктілер мас күйінде жасаған.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз