БҚО-да су қоймалары жөнделеді

Батыс Қазақстан облысында гидротехникалық нысандарды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тікұшақпен облыстағы барлық ірі су қоймаларын аралап шықты. Бұдан соң облыс әкімі су шаруашылығы нысандарын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Ұзынкөл кентінің жанындағы Барбастау су қоймасының көлемі 22,9 млн тешке метр болсағ оған ең шекті деңгейде 83 млн текше метр су сияды.

«Басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық шаруаны толық атқару керек. Облыстағы гидротехникалық нысандар қалыпты режімде жұмыс істеуде. Коммуналдық меншіктегі су қоймаларды жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеу туралы шешім қабылданды», - дейді «Қазсушаршуашылығы» РМК БҚФ директоры Қазбек Кенжеғалиев.

Қазір облыста 30 мың гектар көлдетіп суару алқабы суға толтырылған. Алдағы уақытта осыншама егіс алаңын көлдетіп суару көзделіп отыр. Жайық маңындағы жағдай қалыпты деп бағалануда. Су тасқыны қаупі сәуір айының соңында басталады.

«Жайыққа ресейлік Саратов, Орынбор облыстарынан келетін суды күтудеміз. Қазір жағдай бақылауда. Көлдетіп суару жүйесін қолға алсақ, мал азығынан таршылық көрмейміз», - деді Батыс Қазақстан обылысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

 

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз