БҚО-да «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2,7 млрд теңге кредит игерілді

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2,7 млрд теңге кредит игерілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2011-2013 жылдары жоспарға сәйкес, кем дегенде 8,5 мың бас ірі қара сатып алып, фермер шаруашылығы желісін құру қажет болатын. 

«Бағдарлама аясында 295 фермер шаруашылығы 2,7 млрд теңге көлеміндегі кредит есебінен 13 969 бас ұрғашы мал мен 586 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды, жоспар 164,3%-ға орындалды», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

2014 жылы аталған бағдарлама бойынша 2 шаруа қожалығы 11,7 млн теңге көлемінде кредит алған және 52 бас ұрғашы мал және 5 асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарлануда.

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз