БҚО-да тасқын суын пайдаға жаратпақ

Батыс Қазақстан облысында биылғы жылдың тасқын суын толығымен пайдаға жаратуды шешті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 50 мың гектарды көлдетіп суару жоспарланып отыр.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл облыста айтарлықтай су тасқыны болмақ. 

«Су жай кетпеуі қажет, біз барынша оны пайдаға жаратуға тиіспіз. Көлдетіп суару алқаптарын кеңейту қажет. Біз үлкен судан қорықпауымыз керек. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін табиғат игіліктерін барынша кеңінен пайдалануымыз қажет. Биыл бізде артықшылықтар көп, етті экспорттау үшін кедендік одақ нарығы ашылды», - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. 

Ауыл шаруашылығы басқармасынан атап өткендей, облыста әр 10 жыл сайын құрғақшылыққа байланысты астық өнімінің төмен көрсеткіші байқалады, ал биыл мол өнім алу мүмкіндігі туып отыр. Осы жылы дәнді дақылдар алқаптары айтарлықтай қысқартылмақ. Есесіне мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасалады.

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз