БҚО-да үстіне баған құлаған электрик көз жұмды

Бұл оқиға Бөкей ордасы ауданы Т.Масин ауылдық округінің орталығы Бөрлі ауылында 10 маусым күні орын алды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың сөзіне қарағанда, сол күні аудандық электр жүйесі қызметкерлері электр бағандарын ауыстырған. Сол кезде 1978 жылғы ауыл электригінің үстіне баған құлап кетіп, қолы-аяғы сынған.

Дәрігерлік көмек көрсетіліп, келесі күні ол санитарлық авиациямен Орал қаласына жеткізілді. Өкінішке қарай, жарақат салдарынан 16 маусым күні электрик облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды. Оның соңында жұбайы, екі баласы қалды.

 

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз