БҚО-да зейнеткердің тұрғын үйі мен қора-қопсысы түгел өртеніп кетті

Ақжайық ауданындағы Алғабас ауылдық округінің Қарағай бөлімшесінде зейнеткердің тұрғын үйі мен қора-қопсысы отқа оранды.

Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Қайрат Таңжарықовтың сөзіне қарағанда, баспананың 3 бөлмесі, кіреберісі, жапсаржайы, сонымен бірге қора-қопсысы, пішен ауласындағы 20 тоннадай шөбі, жазғы ас үйі түгел жойылды. «Тілсіз жау» 302 шаршы метрді қамтыған.

Өрттің шығуына газ плитасының баллонын ауыстыру кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы себеп болған.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз