БҚО-да жедел іздестіру шаралары барысында 448 241 алкоголь шөлмегі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында жалған есептік-бақылау маркалы және тиісті құжаты жоқ алкоголь  өнімдеріне тосқауыл қою мақсатында жедел топ құрылып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері акциздік өнімнің заңсыз айналымына қатысты 11 қылмыс тіркелсе, соның екеуі акциздік өнімдерді заңсыз сақтағаны, тасымалдап, өткізгені үшін, қалғандары акциздік өнімдерді маркалау тәртібін бұзғаны үшін қозғалды.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 448 241 алкоголь шөлмегі тәркіленді. Материалдар сотқа да жолданып, тиісті шешімін табуда. Мысалы, сот үкімімен бір коммерциялық фирманың директорына 700 АЕК көлемінде 1 млн. 387,4 мың теңге айыппұл салынып, 204 747 алкоголь шөлмегі мемлекет пайдасына жатқызылды. Тағы бір ЖШС директорына 500 АЕК көлемінде 991 мың теңге айыппұл салынып, 8883 алкоголь шөлмегі мемлекет есебіне көшірілді.

Экономика саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу және мемлекет мүддесін қорғау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз