БҚО-да жоғалған екі адамның біреуі өлі табылса, екіншісі іздестірілуде

Батыс Қазақстан облысында қос бірдей тосын оқиға орын алды.

19 наурыз күні Шыңғырлау ауданындағы кәсіптік-техникалық лицейде оқитын 18 жасар жігіт сол ауданға қарасты Қарағаш ауылына келіп, одан 18 шақырым жердегі көршілес Қаратөбе ауданындағы ата-аналары тұратын Шалғын елді мекеніне (Қоскөл ауылдық округі) жаяу жетпек болады. Алайда сол күні қар жауып, күн суытқандықтан, жігіт Қарағаш ауылынан 13 шақырым шыққаннан кейін жолда үсіп өлген. Ал Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының 35 жасар тұрғыны, екі баланың анасы үйінен 16 наурыз күні шығып, жоғалып кетеді. Оның ері әйелінің жоғалып кеткені жөнінде 20 наурыз күні ғана хабар берген. Содан бері әйелді іздестіруге Оралдан келген құтқарушылар да тартылды.

Ауданнан 22 наурыз күні түскен мәліметке қарағанда, әйел әлі табылған жоқ.

http://www.kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз