БҚО-дағы мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы - әйелдер

5 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел - тіршіліктің берекесі» атты мерекелік концерт қойылды.

Оның ашылуында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, өмірдің бастауы да, жалғастырушысы да ана! Қазақта «Қыз тілегі қабыл болады» деген сөз бар. Біздің елдігімізді, мәдениетімізді, дәстүрімізді, тарихымызды, «ұшса құстың қанаты, шапса тұлпардың тұяғы талатын» ен даламызды сақтап қалған аналарымыздың аманаты, қолдауы, тілегі.

Халқымызда «Барлық жақсылық - күннің нұрынан, жылылық - әйелдердің аялы алақанынан таралған» деген сөз бар. Алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі - біздің басты байлығымыз.

Қазіргі қоғамда әйел - тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын қоғам мүшесі ғана емес, ол мемлекет ісіне және саяси мәселелерге белсене араласатын тұлға. Мәселен, облыс бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі - 48 пайыз. Ал мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы немесе 52 пайызы нәзік жандылар болса, денсаулық сақтау, мәдениет және қызмет ету салаларында 80 пайызға жетеді.

Қоғамдық-саяси деңгейдегі шешім қабылдайтын органдарда әйелдер саны артып келеді. 2003 жылғы сайлау бойынша облыстық, аудандық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары қатарында әйелдер 12 пайыз болса, соңғы сайлау нәтижесінде 21 пайызға жетті. Ауыл әкімдерін сайлау кезінде 15 әйел басым дауыс алып, жергілікті басқару органының тізгінін қолына алды.

Бүгінгі таңда облыс халқының 52 пайызы - әйелдер. Соңғы үш жылда 37 мың нәресте дүниеге келді. Бұл жылдары өңір халқы 19 мыңға көбейді.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов, халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаттары Марат Сарбөпеев, Жаскелең Ғайсағалиев сынды танымал әншілер, «Назерке» би ансамблі және басқа ұжымдар өз өнерлерін көрсетті.

inform.k
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз