БҚО-дағы жылыжайларда бір жылда 100 тонна көкөніс өсірілді (фото)

Батыс Қазақстан облысындағы жылыжайларда бір жылда 100 тонна көкөніс өсірілді, деп хабарлайды BNews.kz облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысына сілтеме жасай отырып. 

Оралдың жанында аумағы 1000 шаршы метр жылыжай төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жылыжай басшылығы оның аумағын кеңейтуді ойлағанымен оған қаржылық мәселелер кедергі болуда. Мысалы, бірде жаңа отырғызылған тұқым қатып қалады не газ қымбаттап кетеді. Мемлекет тарапынан берілетін жалғыз көмек 1 шаршы метрге берілетін 780 теңге ғана.

«Біз бір жылыжайда қиярдың «Кадет» сұрпын отырғыздық. Ол жақсы өнім берді. Екіншісіне қызанақ өсірдік. Қияр күн аралатып 100-120 келі өнім береді», - дейді жылыжай директоры Сергей Борисов.

Оралда жылыжайдан жылына екі мәрте өнім алуға болады. Қиярды сәуір-шілде аралығында жинай беруге болады. Алайда оның бағасы күн сайын төмендеп келеді.

Оралда ЖЭС жанында жылыжай кешенін салу жоспарланған. Алайда ол іске аспады. Қазір қала әкімдігі Круглоозерное кентінде құны 4 млрд теңге жаңа жылыжай кешенін салуды жоспарлап отырғанын жария етті.

«Қазір облыста 53 жылыжай бар. Олардың жалпы ауданы 18 мың шаршы метр. Олардан 2013 жылы 100 тонна көкеніс өнімі алынған», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Аманбай Отарбаев.

Облыста жылыжай саласын дамыту қажет екендігі сөзсіз. Бұл тұрғындардың сұрасының бір бөлігін жабады.

http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз