БҚО-ға құлаған зымыраннан қоршаған ортаға зиян келмедi – ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына құлаған зымыран қоршаған ортаға еш зиян келтiрмедi. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысынан кейiн журналистерге берген сұхбатында ҚР төтенше жағдайлар вице-министрi Валерий Петров мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Бұл мәселенi қазiргi уақытта қарастырып жатырмыз. Ол тез бiте қоятын шаруа емес. Комиссия жұмыс жүргiзуде. Оның қорытындыларын жария етеміз. Комиссия жұмысын аяқтағанға дейiн мен ештеңе айта алмаймын. Арнайы сараптамалар жасалып, зерттеулер жүргізіледі»,- дедi вице-министр. 

«Алдын ала тексеріс жүргізген бiздiң мамандар қоршаған ортаға еш зиян келмегенiн айтуда. Әзiрге белгiленген нормалардан асатын параметрлер байқалған жоқ. Еш зиян келген жоқ», - деп толықтырды Петров.

http://www.bnews.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз