БҚО қазақ драма театрында «Күншығыс еліне виза» сахналанды

4 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Күншығыс еліне виза» атты қойылымның премьерасы болды.

Орыс тілінен аударылған аталмыш шығарма бүгінгі күн тақырыбын, қоғамның көлеңкелі жақтарын қозғайды. Яғни жастардың жеңіл өмір іздеп, шетелге кетуі, жезөзекшелікке салыну, маскүнем әке, қыздарын адам қылмақ үшін мойны ырғайдай болған ана, ерлі-зайыптылардың арасындағы қилы қарым-қатынас - бәрі көрініс табады. Басты рольдерде Бақытжан Өтеғалиев, Талиғат Жігеров, Нұргүл Жұбатова, Жанаргүл Құрманғалиева, Айнұр Болатова сынды театрдың танымал әртістері ойнайды.

Бұл - биыл театрдың бас режиссері Мұқанғали Томанов сахналаған екінші қойылым. Мұның алдында «Жасыл жапырақты күз» атты мистикалық драма көрермендер назарына ұсынылған болатын.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз