БҚО әкімі Астана және Қазақстан митрополитін қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кеше Батыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады.

Аталмыш кездесуде қоғамдағы дінаралық келісімнің маңызы атап өтілді. Айта кетейік, 30 сәуірден 12 маусымға дейін Қасиетті Богородица белбеуі Қазақстан қалаларына әкелініп, шіркеулерге қойылып, оған дінге сенушілер мінәжат етуде.

«БҚО әкімімен кездесуде мен екі мәселені көтердім. Оның бірі Орал қаласының жаңа шағынауданында шіркеу салуға байланысты, оны дінге сенушілер өтініп келеді. Екіншісі - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту бағытында көтерген жаңа бастамалары. Барлық мәселе бойынша түсіністік таптым. Батыс Қазақстанда да бұл саладағы саясат толық жүзеге асып келеді», - деді митрополит.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз