БҚО: қысқа дайындық жұмыстарына 4,7 млрд. теңге жұмсалды

Батыс Қазақстан облысында алдағы қысқа дайындық жұмыстарына 4,7 млрд. теңге жұмсалды.

Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтың айтуынша, соның ішінде коммуналдық кәсіпорындардың желілері мен құрал-жабдығын күрделі жөндеу жұмыстарына 724,3 млн. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және «Ақбұлақ» бағдарламалары аясында төрт жобаны жүзеге асыруға 1235,5 млн. теңге, 18 білім нысанын жөндеуге 2114,5 млн. теңге, сұйық және қатты отын сатып алуға 651 млн. теңге қаралды. Бюджеттік мекеме-ұйымдарға жылыту маусымы кезінде 9,3 мың тонна көмір, 2,8 мың тонна сұйық отын керек болса, күні бүгін соның тиісінше 9 мың тоннасы (96 пайыз), 2,7 мың тоннасы (96 пайыз) жеткізілді. Білім беру саласының 650 нысанының 644-і (99 пайыз), денсаулық сақтау саласының барлық 428-і (100 пайыз), әлеуметтік саланың 378 нысанының 361-і (96 пайыз), орталықтандырылған жылу көздерінен жылытылатын 1266 тұрғын үйдің 1078-і дайын. Иесіз тұрғын үйлердің кейбірінің қысқа дайындық құжаттары жоқ. Қарашаның 10-ына дейін олардың барлығы да жылуға қосылады. Қазіргі таңда Орал қаласындағы көп қабатты үйлерге жылу берілуде.

Бір айта кететін жайт, жыл санап облыстың сұйық және қатты отынға деген сұранысы азайып келеді. Бұл үрдіс бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бес жыл бұрын шамамен 25 мың тонна көмір сатып алынатын болса, бүгінде оның 9 мың тоннасы жеткілікті. Бұрын сұйық отынның 15 мың тоннасы қажет болды, қазір оның 2,8 мың тоннасы қыстап шығуға мүмкіндік береді. Осы бағытта ауыл-аймақты газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Ақжайық, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау, Теректі аудандарының елді мекендерін көгілдір отынға қосу жұмыстары жалғасуда. Айталық, Шыңғырлау ауданының Белогор, Жіңішке, Полтавка ауылдарының тұрғындары биыл тамыз айында көгілдір отынға қосылды. Биыл 15,5 мың тұрғыны бар 24 елді мекенге газ тарту жұмыстары жалғасып, алдағы жылы аяқталады. 2006 жылдан бері облыста газ тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, соның нәтижесінде облыс тұрғындарының газбен қамтылуы 86,7 пайызға жетті. Қазір облыста газдың қызығын 556,9 мың адам көруде. 2016 жылы облысты 95 пайыз газбен қамтуға қол жеткізу көзделуде. Сонда аудандарда 200-300 үйі бар шағын елді мекендер қалады. Оларды да әрі кеткенде 2-3 жылда газға қосуды аяқтау жоспарлануда.
БҚО

БҚО

БҚО

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз