БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары қамауға алынды

Кеше Орал қалалық сотының қаулысымен ҚР ІІМ БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары Берік Бижанов екі айға қамауға алынды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органдары Б.Бижановқа лауазымды қызметкер бола тұрып, қызмет бабын пайдаланып, бопсалау жолымен қарауындағы қызметкерлерден пара талап етті деген айып тағып отыр. Оның үстінен ҚР ҚК 311-бабы 4-бөлігі «а» тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу органдары айыпталушыны қамауға алу жөнінде өтініш түсірген. Орал қалалық соты Б.Бижановтың ауыр қылмысқа жататын сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталғанын, оның еркіндікте жүріп, қажетті тергеу амалдарын жүргізуге кедергі келтіру мүмкін екендігін ескере отырып, оны қамауға алуды санкциялады.

 

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз