БҚО-ның облыстық бұрынғы спорт басшысын қайта соттайды

Орал қалалық соты бюджет қаражатын жымқырып сотталған облыстық спорт саласының бұрынғы екі шенеунігін қамауға алу жөнінде санкция берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мүслім Оңдағанов пен спорт шеберлігі жоғары мектебінің бұрынғы директоры аса ірі көлемді қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. 

Тергеу мәліметіне қарасақ, қаңтар айында облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының лауазымды тұлғасының үстінен 2008-2009 жылдары бюджет қаражатын жымқырғаны және қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған. М.Оңдағанов пен Жәкенов бапкерлер мен спорт қызметкерлерін қатыстыра отырып жалған іссапар құжаттары, спортшылардың түрлі елдерге оқу-жаттығу жиынының жалған құжаттарын жасаған.Шындығында олар ешқайда бармаған, ал бөлінген қаржы жымқырылған.

«Жалпы алғанда аталған тұлғалар 8 іс бойынша 10 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Оларға ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігі мен 314 бабының 2 бөлігімен айып тағылып отыр», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта М.Оңдағанов пен Жәкенов Мамандандырылған ауданаралық соттың қараған қылмыстық ісі бойынша шығарылған үкіммен облыстық ҚАЖД РУ 170/1 мекемесінде қамауда отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы ақпан айында Оңдағановты дүние-мүлкін тәркілей отырып 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылса, Жәкеновке 11 жыл кесілген еді.

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз