БҚО полицейі самбодан әлем чемпионатына қатысады

БҚО ІІД жанындағы шұғыл әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Ерболат Байбатыров самбодан әлем чемпионатына қатысуға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты қараша айында Жапонияда өтеді. Байбатыров 13-16 наурыз аралығында Талдықорғанда 350 спортшының қатысуымен өткен республикалық жарыста жеңіске жетіп, жолдамаға ие болған. 

«Біздің елімізде самбо жақсы дамып келеді. Өткен әлем чемпионатында екі спортшымыз жүлдеге қол жеткізіп, ұлттық құрамаға алынды. Олар Моңғолияда өтетін Азия чемпионаты мен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Олардың арасында Ерболатн Байбатыров та бар», - деп көрсетті баспасөз қызметі.

 

 

http://www.bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз