БҚО соты «ҚПО б.в.» компаниясынан 496,2 млн. астам теңге өндірді

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық экология департаментінің «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан қоршаған ортаға келтірілген залал үшін мемлекет пайдасына 496 млн. 270,225 мың теңгені өндіру жөніндегі талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, экология департаменті қалыпты емес жағдай кезінде технологиялық жабдық жұмысындағы іркіліске байланысты алауда газдың жағылуы салдарынан ауаға зиянды заттардың өздігінен шығарылғанын анықтаған.

Сот істі қарай келе, департаменттің талапарызын толықтай қанағаттандырып, компаниядан аталған қаржыны мемлекет пайдасына өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз