БҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

Бүгін БҚО сотында жаңа төраға таныстырылды.  

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Елбасының 2014 жылғы 6 мамырдағы №816 Жарлығымен Бек Әметұлы Әметов БҚО сотының төрағасы болып тағайындалды.

Облыстық соттың кеңейтілген мәжілісінде ҚР Жоғарғы соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров БҚО сотының ұжымына Б.Әметовті таныстырды. Б.Әметовтің кәсіби және ұйымдастырушылық қабілетін атап өткен Е.Әбдіқадыров осыған дейін бұл қызметті атқарған Қамбар Нұрышевқа алғысын білдірді.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қ.Нұрышевқа атқарған қызметі үшін ризашылығын жеткізіп, Б.Әметовке жаңа қызметінде табыс тіледі.

Өңірдегі сот жүйесінің ардагері Қалима Өтешева атап өткендей, Бек Әметов бұдан жиырма жыл бұрын сот саласындағы еңбек жолын судьялықтан бастаған. Кейін ол Тайпақ аудандық сотының төрағасы, БҚО сотының судьясы, БҚО қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болды. Яғни облыс оған жақсы таныс. Ол соңғы жылдары ОҚО соты қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметін атқарды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз